Бүгін «Астана Опера» театры музыка күнін атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана Опера» театры музыка күнін атап өтеді

01.10.2014
Бүгін «Астана Опера» театры музыка күнін атап өтеді

Бүгін Халықаралық музыка күніне орай «Астана Опера» Камералық залының концерттік маусымы салтанатты түрде ашылады.

«Астана Операның» камералық залы жаңа маусымда классикалық музыка сүйер қауымға концерттің алуан-түрлі афишасын және «Bel Canto музыкалық салоны», «Сиқырлы дауыстар әлемі» және «Театрға саяхат» атты балалар абонементін ұсынады.

Камералық залдың жетекшісі Жәкенова Маржанның айтуы бойынша, бір абонементті сатып алып, бірден 3 концерттің билетін иеленуге болады. Бұл жерде көрерменнің уақыты мен қаржысы үнемделеді. Нәтижесінде, тыңдарманның үлкен жеңілдікке қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Мәселен,  бірден балалар концертінің 3 абонементін сатып алса, жеңілдік 50 пайыз жеңілдік жасалады, ал үлкендерде бұл концерт бағасының үштен бір бөлігін құрайды.

Концертке музыкалық дауыстар алуандығын паш ететін меццо-сопрано, сопрано, тенор, бас, баритон дауысты опера солистері қатысады. Олардың орындауында әлемдік классика қоржынындағы қазақстандық және батыс еуропалық композиторлардың ең жақсы опералық туындыларынан көріністер, танымал әндер, романстар, дуэттер шырқалады. 

Хабарламаларға жазылу