«Бір-екі жылдың көлемінде шығармашылық кеш бермекпіз. Қазір соған дайындық үстіндеміз. Тағы бір жаңалық, міне-міне тұсауы кесілейін деп тұрған жаңа ән бар. Сөзін Ринат Зайытов жазған, әні – Мақсат Ынтықбаевтікі. Ән «Сұлу Алтынемел» деп аталады. Жалпы, ән қоржынымда 40-қа жуық ән бар»,-дейді әнші.
«Есеп беру кеші – өнерде жүрген жолыңның қорытынды көрсеткіші. Сол себепті, барынша дайындалуға тырысамыз. Біз жай кеш емес, шоу-бағдарлама жасасақ, деген ойдамыз.
Кеште әнді орындап қана қоймай, ой салатын дүниелерді бір-бірімен ұштастырып, өз ісінің шеберлерімен жұмыс істеп қана сапалы дүние жасауға болады».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.