Алматыда «Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс өтеді

25.05.2015
Алматыда «Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс өтеді

29-30 мамыр күндері айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс өтеді. Осыған орай ақын Бауыржан Халиолла бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Оразалы қазақ айтысына өзіндік қолтаңбасымен, үн-лебімен келген ақын. Ол кейбір ақындар секілді байқауға келіп, қатысып келген ақын емес,  туабітті талант.  Мектеп қабырғасынан айтысқа қатысып, ауданға,облысқа танымал ақындармен үзеңгі қағыстырып, оларды сөзден ұтқан сәттері өте көп болған. Айтыстағы мақам, әуенге байланысты көптеген ақын осы Оразалыға еліктеп өсті»,-дейді ақын.

Халық «өткір ақын», деп баға берген Бауыржан Халиолла: «Сахнада, өмірде мінезім бірбеткейлеу болғанымен, жалпы,  менің жазба поэзияммен танысқан адам болса, тым қатал емес екеніме көз жеткізеді. Жарасқан Әбдірәшевтың «Түсін балам, мені де, түсін балам, Сыртым шуақ болғанмен, ішім – боран», деген өлеңіндегідей, менің де сыртым қатал көрінгенімен, іштей жұмсақпын»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу