Оразалы Досбосыновты еске алу кешін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразалы Досбосыновты еске алу кешін көріңіз

23.08.2015
Оразалы Досбосыновты еске алу кешін көріңіз

Оразалы Досбосынов – қазақ айтысына өзіндік қолтаңбасымен, үн-лебімен келген ақын. Ол кейбір ақындар секілді байқауға келіп, қатысып қана кеткен ақын емес, туабітті талант.

Ол – тоқсаныншы жылдардың басында алдаспандай жырларын жарқ еткізіп, қазақ айтыс өнерін жаңаша түлетіп, заманның зарын айтып, ақиқатын аршыған ақтаңгер ақын.

Мектеп қабырғасынан-ақ айтысқа қатысып, ауданға, облысқа танымал ақындармен үзеңгі қағыстырып, оларды сөзден ұтқан сәттері өте көп болған.

Айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлыны» атты кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:05-те тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу