Артықов Әбді Ержұмайұлы мен Василий Соболев қан майданда танысқан жан қиыспас дос болған. Берлинге дейін бірге барған қазақ пен беларусь соғыс біткен соң, елдеріне қайтып, бір-бірінен көз жазып қалады. 70 жыл өтті, қаруластар өмірден озды. Бірақ, бір жапырақ үшбу хаттың арқасында бүгінде ұрпақтары табысып жатыр.
Сергей Васильевич әкесінің досының балаларын ғаламтор арқылы тауып алған. Дереу хат жазып, Минск қаласына шақырады.
«Кездесуіміз өте тебіреністі сәт болды. Оның бізді іздемей-ақ қоюына да болар еді. Мен де ештеңе білмей өтер едім. Бірақ, Сергей әкесінің хатын оқыған соң, бұл жайтқа бей-жай қарай алмаған.
Және 90-шы жылдары Байқоңырда әскери борышын өтеген жігіт қой. Қазақ еліне деген ықыласы ерекше. Бір-бірімізді жақын тартып, ол мені қарындасындай, мен оны ағамдай көріп кеттім», -дейді соғыс ардагерінің қызы Ақмарал Артықова.
Сергей Соболев қадірлі меймандарын жақсы күтіп алды. Бір апта бойы қонақжайлылық танытып, тарихи орындарды аралатты. Беларусьтегі Қазақстан Елшілігі де екі тарапты елеусіз қалдырмай, Жеңістің 70 жылдығы құрметіне мерекелік медаль табыстады.
Толығырақ «Таңшолпанда».