Астанада «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы сахналанды

10.04.2015
Астанада «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы сахналанды

Қ.Қуанышбаев атындағы театр әртістері «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драманы сахналады.

Жеңістің 70 жылдығына орай қойылған спектакльді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова да тамашалады.

Орыс драматургі Валентин Ежов шығармасының желісі бойынша қойылған лирикалық драманың режиссерлық нұсқасын Талғат Теменов жазған.

Мәдени шараға қатысқан Мемлекеттік хатшы соғыс жылдарындағы қазақстандық майдангерлердің ерлігіне тоқтала келе, елдегі бірлікті көздің қарашығындай сақтау керек екенін айтты

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу