Қарағандыда «Бір-біріне ұқсамайды күндерім» атты ән және әзіл кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Бір-біріне ұқсамайды күндерім» атты ән және әзіл кеші өтеді

23.05.2015
Қарағандыда  «Бір-біріне ұқсамайды күндерім» атты ән және әзіл кеші өтеді

29 мамыр күні Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» концерт залында бард әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай мен шәкірті,  Мәдениет саласының үздігі Ершат Қайырханның «Бір-біріне ұқсамайды күндерім» атты поэзия, ән және әзіл кеші өтпек.

Қадырғали Көбентай қазіргі қазақ сахнасында шырқалып жүрген бірнеше әннің авторы.

Сазгер Ибрагим Исаның «Елге сәлем», Есенқұл Жақыпбековтің «Өнер адамы», Ақұштап Бақтыгерееваның «Сенгім келмейді», Ақмаржан Таубаеваның «Жалбыр мұң», Алмат Исәділдің «Жоғалтып алма, сен мені» атты өлеңдеріне ән жазған.

Ершат Қайырхан - ақын Маралтай Райымбекұлының сөзіне жазылған Қадырғали Көбентайдың «Асау», Зеберше Оспанованың «Қарагөз сүйгенім», Әділ Ботпановтың сөзіне жазылған Қалдыбек Құрманәлінің «Сәлеметсіз бе?» атты әндерінің орындаушысы.

 

Кештің басталуы: 19.00.   

 

 

Хабарламаларға жазылу