Шөмішбай Сариев: Сейдолла Бәйтерековтің балаларға арналған әнінен кейін Айдана есімі кең таралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шөмішбай Сариев: Сейдолла Бәйтерековтің балаларға арналған әнінен кейін Айдана есімі кең таралды

22.05.2015
Шөмішбай Сариев: Сейдолла Бәйтерековтің балаларға арналған әнінен кейін Айдана есімі кең таралды

Алматыдағы Ұлттық кітапхана ұжымы композитор Сейдолла Бәйтерековтің 70 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешін өткізді.

Қазақ музыка өнерінің дамуына өзіндік серпін берген сазгер 1945 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Бала кезінен домбыра, баян аспаптарында ойнап, әуен шығаруға бейім болған.

Кейін Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітіріп, көп жылдар бойы ұстаздық етеді. 1990 жылдан бастап өмірінің соңына дейін саз, дыбыс жазу Мемлекеттік студиясының директоры қызметін атқарады.

 «Сейдолламен шығармашылық байланыста болдым. Оның әндерінің арасында халыққа кең тарағаны Бағдат Сәмединованың орындауындағы «Сарыарқа», Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы «Жусан иісі» әндері болды.

Ал, оның балаларға арналған «Айдана» әнінен кейін Айдана есімі кең таралды», дейді ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

 

Хабарламаларға жазылу