Ақын Шөмішбай Сариев дүниеден озды
75 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев өмірден озды. Елбасы көрнекті ақынның қайтыс болуына байланысты көңілайту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Ақын 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Оның есімі өлеңсүйер, әнсүйер қауымға кеңінен таныс. Ақынның лирикалық жырлары мен ән өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болды. Шөмішбай Сариевтың жиырмаға тарта өлең кітабы жарық көрген. Ол әдебиет зерттеуші ғалым ретінде кең құлашты еңбектер жазды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04