Ұлттық академиялық кітапханада Шөмішбай Сариевке арналған зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада Шөмішбай Сариевке арналған зал ашылды

19.11.2021

«Қос қанатты ақын». Ұлттық академиялық кітапханада Шөмішбай Сариевке арналған зал ашылды. Шараға жауапты министрлік өкілдері, зиялы қауым мен отбасы және жақындары қатысты. Оның зайыбы Жұмагүл Сариева орталық кітапханаға ақынның жеке наградалары, диплом, сертификаттарын тапсырды. Шөмішбай Сариевтің лирикалық өлеңдері қазақ композиторларын ән шығаруға шабыттандырды. Ал халық құлағындағы әуен шет елде де жылы қабылданды. Оның туындылары Отанға деген шексіз махаббат пен шынайылыққа тұнып тұр. «Сәлем саған, туған ел», «Сарыарқа», «Қарағым-ай», «Анаға хат» және «Аққуым» әндері сахна жұлдыздарының репертуарында кездеседі.

Сондай-ақ ақынның «Жүрегім-Қазақ елі» атты жаңа жинағы да таныстырылды. Жалпы, тұлғаның жыр қоржынында 300 өлең мен 32 кітап бар. Еңбектері славян, түркі және тіпті үнді, француз тілдеріне аударылған.


Хабарламаларға жазылу