Нұржұман Ықтымбаев: Телехикаяның маңайына жоламаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржұман Ықтымбаев: Телехикаяның маңайына жоламаймын

21.05.2015
Нұржұман Ықтымбаев: Телехикаяның маңайына жоламаймын

«Өйткені телехикая актерлері басқа. Кейде телехикая жақсы актерлерді құртып жібереді. Өзімнен кейін келе жатқан атақты актерлерді сериалға түспесе екен деп шырылдаймын», -  дейді КСРО Мемлекеттің сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Нұржұман Ықтымбаев.

Оның айтуынша, телехикаялардың өз актерлері болады. Ал, танымал актерлерді сериалға түсіруге болмайды. Себебі актердің құны кетеді.

Сондай-ақ, ол ұсынылған рөлдерден бас тартқан кездері туралы айтты.

«Былтыр көктемде мені Тимур Бекмамбетов шақырды. Оның бір фильміне түскен едім. Кезекті киносына түсуге келісімімді бердім. Бірақ аяқ астынан кім түсіретінін сұрап едім, басқа режиссерлер түсіретінін, өзі продюсері екенін айтты. Одан кейін фильмге түскім келмей қалды», - дейді Нұржұман Ықтымбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу