Қазақ киносының майталманы Нұржұман Ықтымбаев - 75 жаста (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ киносының майталманы Нұржұман Ықтымбаев - 75 жаста (ВИДЕО)

13.05.2016
Қазақ киносының майталманы Нұржұман Ықтымбаев - 75 жаста (ВИДЕО)

Қазақ киносының майталманы Нұржұман Ықтымбаев - 75 жаста.  Оның алғаш түскен туындысы 1966 жылы жарыққа шыққан «Қилы кезең» кинокартинасы болды. Актердің бірінші белесі саналатын фильмнің қызығы мен қиындығы да көп болған.

Нұржұман Ықтымбаев одан кейін 70-тен аса фильмге түсті. Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Дүниежарық» туындысындағы зағип қарттың рөлі өнер иесінің актерлық қабілетін ерекше ашып көрсетті.

Ал, 2008 жылы Рүстем Әбдірашев түсірген «Сталинге сыйлық» картинасында актер сомдаған Қасым ата образы қилы кезеңдердегі текті қазақ бейнесі еді.

Кинотанушы мамандар Халық әртісінің «Әурелең» фильміндегі образына да жоғары баға берді.  

Кез келген жанрды еркін меңгеріп кететін актер күні бүгінге дейін түсірілім алаңдарынан алыстаған емес. Өнер иесінің шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу