Көкшетауда өзен деңгейін өлшейтін 6 құрылғы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда өзен деңгейін өлшейтін 6 құрылғы орнатылды

01.04.2024

Көкшетаудағы Қылшақты өзенінде су деңгейін өлшейтін алты құрылғы орнатылды. Мамандар оны екі сағат сайын қадағалап, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Төтенше жағдайлар департаменітінің мәліметінше, қазіргі таңда шаһарда тасқын қаупі сейілген. Өзен деңгейі қалыпты нормаға дейін түсті. Табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары да аяқталуға жақын. Құтқарушылар су басқан тұрғын үйлер мен аулаларды тазартып, жағалауды барынша нығайтқан. Десе де, қалада жарияланған төтенше жағдай әлі де күшінде.

Ұлан Бейсембаев,  қалалық бірінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Өзеннің жағасында инерттік материалдардың бәрін орнатып, қазіргі таңда судың мөлшері өзінің деңгейінде тұр. Сол себептен үйлердің маңайына және алаңның маңайына қауіп төнбейді. Судың деңгейі күрт көтерілетін болса, біздің жеке құраммен, күштер құралдар жауынгерлік деңгейде тұр. Жарты сағаттың маңайында келіп, осы судың алдын алу бойынша жұмыс атқарады.


Хабарламаларға жазылу