Бүгін Астана қаласында және Ақмола облысында жауын жауып, күшті жел соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана қаласында және Ақмола облысында жауын жауып, күшті жел соғады

21.05.2015
Бүгін Астана қаласында және Ақмола облысында жауын жауып, күшті жел соғады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында 21 мамырда Астана қаласында желдің күшейетіні туралы ескерту жарияланды.

Қалада батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ал, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 жел соғады, кей жерлерде ол 23 м/с дейін күшейеді.

Хабарламаларға жазылу