«SANTO академиялық бағдарламасы» жобасының байқау жеңімпаздарына гранттар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«SANTO академиялық бағдарламасы» жобасының байқау жеңімпаздарына гранттар табысталды

20.05.2015
«SANTO академиялық бағдарламасы» жобасының байқау  жеңімпаздарына гранттар табысталды

Бүгін Астана медициналық университетінде «SANTO академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы байқауының жеңімпаздарына гранттар табысталды.

Байқауды ұйымдастырушы - Қазақстандағы фармацевтика нарығының көшбасшысы «Химфарм» акционерлік қоғамы.

Гранттарды салтанатты түрде табыстау рәсіміне оқу орны басшылығы мен «SANTO» компаниясының бас директоры Петр Милднер, Қазақстандағы Польша Республикасының хатшысы Анджей Бобер, «Қазақстан ФармМедИндустрия» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері қатысты.  

Байқау еліміздің жетекші оқу орындарында білім алып жүрген жас ғалымдар мен студенттердің фармацевтика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау мақсатында өткізілді. 

Хабарламаларға жазылу