Бүгін Алматыда Өктем Алтаевтың «Қазағым» атты ән кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда Өктем Алтаевтың «Қазағым» атты ән кеші өтеді

20.05.2015
Бүгін Алматыда Өктем Алтаевтың «Қазағым» атты ән кеші өтеді

«Бұл кешке іштей көп дайындалдым. Нәтижесін бүгінгі кеште халық көре жатар. Ал, концертке қазақ эстрада жұлдыздары қатысады. Үлкендер де, орта буын да, жастар да тыңдайтын әншілер өнер көрсетеді.

Кештің ерекшелігі – 2015-тен 1990 жылдарға сырғып, сол жылдардың  бейнесін әсем әуен арқылы көрсетеміз. Сондай-ақ, концертте бес әннің тұсауы кесіледі. Бірнеше әншімен дуэт дайындадым. Сонымен қатар, кеш барысында бұрынғы әндерімді қазіргі жастар шырқайтын болады»,-дейді әнші.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына әнші ретінде үлесімді қосайын деген мақсатпен бүкіл Қазақстанды аралап, ән кешін өткізу жоспарда бар. Алғашқы кешті Алматыда бастамақпын, ал, нүктесін Астанада қоямын».

«Шәкіртім болғысы келетін жастар баршылық. Бірақ, менің ойымша, сапалы дүние жазсаң, сол әнмен бүкіл жасты тәрбиелеуге болады. Сондықтан, қазір жақсы ән жазып, сол арқылы шәкірт тәрбиелеуді ойлап жүрмін».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу