Жас миллионер Аяз Шабутдинов: Мен үшін ақша ең маңыздысы емес, тек оны санауды білемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас миллионер Аяз Шабутдинов: Мен үшін ақша ең маңыздысы емес, тек оны санауды білемін

16.05.2015
Жас миллионер Аяз Шабутдинов: Мен үшін  ақша ең маңыздысы емес, тек оны санауды білемін

Аяз Шабутдинов  - «Like» холдингінің негізін салушы. 1991 жылдың 21 қазанында  Ресейдің  Пермь аймағында дүниеге келген. Удмуртия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы» бойынша тәмамдаған.

«Forbes» журналының «Жас миллиардерлер мектебі - 2014» байқауының жартылай финалисі, Жас кәсіпкерлердің халықаралық «EQ GSEA» сыйлығына арналған байқауының жартылай финалисі, Мәскеу қаласындағы жас кәсіпкерлерге арналған Жоғары экономикалық мектебінің оқытушысы.

 «Ойын» бизнесі

«Маған әркез жаңалық ойлап табу ұнайтын. 14 жасымда Ресейдің Пермь өңірінде жергілікті дүкендердің бірінен ойын-сауық бөлімін аштым. Мұндай бизнес-жоспар мені алға жетелей бастады. Үш күн бойы сатуға болатын тауарлар туралы оқып-біліп, интернет арқылы тапсырыс бере бастадым.  Кейін оларды бөлшек саудамен айналысатын дүкеннің бір бөлімінде сатуды қолға алдым.

Бастапқы керек қаражатты ата-анамнан қарызға алдым. Екі апта өткен соң саудадан түскен пайдадан ол ақшаны қайтарып бердім.  Тауарларға 150 пайыз үстеме баға қосатынмын. Осылайша, бір жылға жуық уақыт жұмыс істедім.

15 жасымда  өз бетіммен өмір сүру керектігін түсіндім. Ата-ананмнан Ижевск қаласындағы мектептердің бірінде оқуға рұқсат алдым. Олар менің шешіміме бірден қолдау білдірді.

Хабарламаларға жазылу