Канвонда ел мерейін асқақтатқан спортшыларға Президент алғыс хаты табысталды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Канвонда өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыстады. Премьер-Министр бұл байрақты бәсекенің ел жастары үшін мықты тәжірибе болғанын айтады. Бағындырған биік белес алдағы олимпиадалардағы жетістіктердің бастауы деді. Әрі қоржынға түскен алтын, тарихи жетістік екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан әлемнің 78 елі арасында 20-шы орынды иеленді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Саңлақ спортшыларымыз мемлекетіміздің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады.Жасөспірімдер олимпиада ойындары бұл тек жәй ғана спорт емес, бұл ең алдымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар басын қосатын спорт алаңы.
Илья Мизерных, Жасөспірімдер арасындағы IV Қысқы олимпиада чемпионы:
Шалғайда жүрсек те, біз елдің қолдауын ерекше сезіндік. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз! Алтын медаль – отанымның абыройы деп білемін. Президентіміздің құттықтауын естіп, жігерленіп тұрмын. Алда, бәсеке көп. Ел үмітін ақтауға тырысамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05