Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» кітабы таныстырылды
Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы қарсаңында қаламгердің бұған дейін еш жерде жарияланбаған өлеңдері жинақталған «Дәурен кешкен» кітабы жарық көрді. Бұл - мемлекет және қоғам қайраткерінің үшінші жыр кітабы деуге болады. Шығармалары жазушының жеке мұрағатында сақталыпты. Онда бұрынғы газеттерде жарияланып, жинақтарға енбеген өлеңдері мен балладалары бар. Сонымен бірге түрік тілінде жарық көрген «KUY» кітабы да таныстырылды.
Шара барысында «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған 150-ге жуық еңбек қойылды. Арасында жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптары, зиялылардың қаламгер туралы айтқан естеліктері бар.
Әділет Қабылов, кітапты құрастырушы:
Біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы аясында сол өлеңдерді жинастырып, жаңа кітап қылып «Дәурен кешкен» деген атпен ұсынып отырмыз. Бұған бізге жазушының немересі, жазушының көркем мұраларының жанашыры Абыл Кекілбаев бауырымыз көп көмектесті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06