Ертең Астанада футболдан журналистер арасында С.Бердіқұлов атындағы дәстүрлі турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада футболдан журналистер арасында С.Бердіқұлов атындағы дәстүрлі турнир өтеді

16.05.2015
Ертең Астанада футболдан журналистер арасында С.Бердіқұлов атындағы дәстүрлі турнир өтеді

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы биылғы Республикалық турнир 17 мамыр күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтпек.

Турнирге былтырғы чемпион «Алматы» телеарнасы, Алматы облысының «Жетісу» телеарнасының, ОҚО және Қызылорда облысы журналистері, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасының журналистері, «Хабар» телеарнасының журналистері де қатыспақ.

 

Біздің анықтама:

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында дүниеге келген.

Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға Еңбек сіңірген.

1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1965 - 1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы.

1970 - 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы,

1986 - 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған.

Шығармалары:

«Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1967),  «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979),  «№3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987).

Хабарламаларға жазылу