Туберкулезден арылуға бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туберкулезден арылуға бола ма?

16.05.2015
Туберкулезден арылуға бола ма?

Туберкулез – ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және  aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды. Жұқтыру көзі – туберкулезге шалдыққан адам.

Жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен ауырады. Ал, ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Соның салдарынан әлемде жыл сайын 2 миллионға жуық адам қайтыс болады.

Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Ауаны жұтқан  адамдарға бактерия жоғары тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Осылайша туберкулезді жұқтыру процесі жүреді.

Дегенмен, туберкулезден арылуға бола ма? Халықтық ем не дейді? Туберкулездің диагностикасындағы жаңа инновация туралы не білесіз? Бүгін 10:05-те Ұлттық арнадан «Дауа» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу