Безеуден қалай арылуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Безеуден қалай арылуға болады?

25.04.2015
Безеуден қалай арылуға болады?

Тері күтімі – ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Ал, тері күтімінің дұрыс болмауына себеп  көп. Ол – дұрыс тамақтанбаудан басталады. Өйткені, көбіміз құнарлы тамақ әзірлеуге ерінеміз, кейде уақытымыз болмайды.  Осыдан кейін дүкендегі  дайын  тағамдарды (фаст-фуд)  ала салуға құмартып тұрамыз. Ал, бұл  теріге ғана емес, жалпы ағзаның дұрыс қалыптасуына әсер етеді.  

Тағы бір себеп – ұйқының қанбауы. Албырт жастықтың әр кешін,ойын-сауығын құр жібермеуге тырысатын жастар кей уақытта тері күтіміне мән бермейді. Терінің де демалатын өз режимі болатынын ескеру керек.

Темекі түтіні де тері қабаттарын бұзады. Соның әсерінен әжім молайып, тері солып кетеді. Кей арулар  бетті бояудан арылтпай-ақ шаршап келген бетте ұйқыға бас ұрады. Бұл жайт бет терісі клеткаларының тыныс алу жолдарына кесірін тигізбей қоймайды.

Жалпы, тері күтімі туралы не білесіз? Безеуден қалай арылуға болады? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан дерматолог мамандардың кеңесін тыңдаңыз.  

Хабарламаларға жазылу