Адайбек Бөкенов соғыста нысанашы болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адайбек Бөкенов соғыста нысанашы болған

16.04.2015
Адайбек Бөкенов соғыста нысанашы болған

Адайбек Бөкенов – 1917 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аяққұм ауылында дүниеге келген. 1940 жылы 23 жасында Беларустің артиллериялық полкіне әскер қатарына алынып, бір жыл оқу-жаттығу жиынында болады.

Адайбек Бөкенов соғыста нысанашы болған. Ол – Литва, Латвия, Шығыс Пруссия, Беларусь жерлерінде болған ұрыстарға қатысқан. Жеңісті Литва елінің Каунас қаласында қарсы алады. Елге оралған соң Жұрын ауданында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті.

Ардагердің сұрапыл жылдар туралы естелігін бүгін 22:45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу