Майдан жылдарындағы Ақтөбе рентген зауыты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майдан жылдарындағы Ақтөбе рентген зауыты

08.05.2015
Майдан жылдарындағы Ақтөбе рентген зауыты

Әскери уақыттың талаптарына сай, қысқа мерзімнің ішінде өндірістік база құрылып, 1942 жылдың мамырынан бастап кәсіпорын қорғаныстық мақсаттағы құралдарды шығара бастады.

Соғыс жылдарында зауыт майдан және тыл госпитальдарына қажетті түрлі медициналық аппараттар шығарып, Қызыл Армияның Бас санитарлық басқармасына жөнелтіп отырды. Соғыс аяқталған соң ғана кәсіпорын бейбіт күні қолданылатын өнімдер дайындауды қолға алды.

Тек КСРО аумағында ғана емес, шетелдерде де сұранысқа ие болған медициналық рентген аппараттарымен қоса, өнеркәсіптік дефектоскопияға арналған рентген аппараттары, халықтық тұтынуға арналған түрлі тауарлар, газ тазарту сүзгілеріне қажетті агрегаттар да жасады.

Зауыттың майдан кезіндегі тынысы туралы толығырақ бүгін 22:25-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу