Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты өртенді
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, үш адам ауыр жарақат алды. Екі адамды қатты күйік шалған. Олар кен орнынан Қандыағаш қаласының ауруханасына, біреуі облыс орталығына ауыр халде жеткізілді.Қазір, жансақтау бөлімінде.
Өртенген «Вернал Ойл Қазақстан» серіктестігіне тиесілі аумақ. 5000 текше метрлік мұнай тиелген резервуарда тұтанған от 5 сағатта әрең сөндірілді. Жалын 380 шаршы метрді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Асқар Төлешев, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:
Қасында тағы да 5 резервуар болды, қауіпті. Ішінде бензин бар, мазуты бар, мұнайы бар. Оған ешқандай қауіп келген жоқ. 19 техника жіберілді 100-ден көп адам қатысты сөндіруге. Қазір шығыны анықталып жатыр.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Италияға 185 миллион турист барған
12.02.2026, 17:37
Павлодарда жалғызілік адамдарға көмек көрсетілді
12.02.2026, 17:35
Алматыда спорттық-экологиялық эстафета өтті
12.02.2026, 17:32
UNICEF «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ
12.02.2026, 17:30
Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
12.02.2026, 17:28
Кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптары қатаңдатылады
12.02.2026, 17:26
Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
12.02.2026, 17:24
Ким Чен Ын қызын басшылық қызметке дайындауда
12.02.2026, 17:22