Қуандық Қыстықбаев: Қазақ батырларының әрқайсысына бір-бір фильм арнаса да артық емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуандық Қыстықбаев: Қазақ батырларының әрқайсысына бір-бір фильм арнаса да артық емес

08.05.2015
Қуандық Қыстықбаев: Қазақ батырларының әрқайсысына бір-бір фильм арнаса да артық емес

Қалибек  Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, «Кузбасс» құрмет орденінің иегері Қуандық Қыстықбаев бүгін таңғы бағдарламада қонақта.

«Қазір кейбір жастарымыз II Дүниежүзілік соғыс туралы білмей жатады. Ондағы батырларымыздың ерлігінен хабарсыз. Сол себепті, қаһармандарды дәріптеу үшін «Қасым» сынды фильмдер аса қажет. Қазақта қаншама батыр бар. Солардың әрқайсысына бір-бір фильм арнаса да артық емес»,-дейді актер.

«Кеңес кезінде түсірілген Бауыржан Момышұлы, батыр қыздар Әлия мен Мәншүкке арналған фильмдер бар. Бүгінде  Бауыржан атамызға қайтадан 4 бөлімді фильм, сол сияқты, Қасым Қайсеновке, Талғат Бигелдиновке арналған фильмдер түсірілді».

«Украина жерінде түсірілген «Қасым» фильмін Киевтің ішінде жүріп-ақ түсіре бердік. Себебі, бұл елде сол кездегі үлкен баспалдақтары бар ғимараттар сақталған. Тіпті,  әрбір ауыл сол заманның реңін беріп тұрады. Асқан декорация қажет емес»,-дейді Қуандық Қыстықбаев.

Қалибек  Қуанышбаев атындағы театр актерлері «Таңшолпан» студиясында Қасым Қайсеновтің естеліктерінен үзінді оқып берді.

Хабарламаларға жазылу