Сәбиін сатқан «сұлу» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбиін сатқан «сұлу»

05.05.2015
Сәбиін сатқан «сұлу»

Қазақта «ұл өсірсең – азаматты тәрбиелерсің, қыз өсірсең – ұлтты тәрбиелерсің», деген сөз бар. Ұрпағын болашағы мен тірегі, деп білген ата-бабаларымыз бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған.

Ал, бүгінгі қоғамда бауыр еті баласын саудаға салатындар бар. Дені, мұндай қадамға әлеуметтік жағдайының төмендігінен барғанын алға тартады. Ақша азайса болды, бала сату қайдан шықты? Отбасы құндылығын жоғалтқан шаңырақтың болашағы бар ма?

Бүгін «Әйел бақыты» студиясында бауыр еті баласын босанған бойда сатып жіберген кейіпкер қонақта. Мұндай келеңсіздікпен күрес жолдары, аналарға, жас келіндерге арналған мамандар кеңесін бүгін 15:05-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу