Астрономдар Юпитердің спутнигі Иодағы лава өзенін фотоға түсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрономдар Юпитердің спутнигі Иодағы лава өзенін фотоға түсірген

03.05.2015
Астрономдар Юпитердің спутнигі Иодағы лава өзенін фотоға түсірген

«Бұрын Локи жанартауының әр жерінен жарқын әрі анық емес дақтар ғана байқалатын. Ал, LBT телескопы жасаған фотолар бізге бұл дақтардың жанартау өзегінен екенін көрсетті. Яғни Локидің таға пішінде қалыптасуына жанартау түбіндегі өте белсенді лава өзенінің қозғалысы әсер еткен», - дейді Имке де Патер (Берклидегі (АҚШ) Калифорния университеті).

Де Патер мен оның әріптестері анық түсірілген фотоларды зерттей отырып, планетологтардың бұрынғы болжамдарын растаған. Яғни, Локи жанартауының суып қалған өзегінде үлкен лава өзені бар. Оның магмасы тұрақты түрде жанартау өзегі арқылы планетаның сыртына атқылайды. Ғалымдардың қазірге дейін бақылаған дақтары осы атқылаған жалындар.

Мақала авторлары Иодағы Локи және басқа да жанартауларды бақылау арқылы оның Юпитер арасындағы гравитациялық байланысын бағамдамақ. Бұл зерттеулердің маңызы – НАСА-ның 2021 жылы Иоға ұшыратын «Io Volcano Observer» зондына қандай қауіп төнетінін анықтау.

 

«Astronomical Journal» басылымынан алынды.

Хабарламаларға жазылу