Google еуропалық газеттердің интернет-жобаларына пайда табуға көмектеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Google еуропалық газеттердің интернет-жобаларына пайда табуға көмектеспек

03.05.2015
Google еуропалық газеттердің интернет-жобаларына пайда табуға көмектеспек

Енді Google жаңа сандық жобаларға үш жыл ішінде 150 миллион еуро ақша құяды. Бұл сандық жобалар интернеттегі жарнаманы жетілдіру мен жаңалық қосымшаларын жасауға арналған.

Жобаға қатысуға ұлыбританиялық «Financial Times» пен «Guardian», испаниялық «El Pais», германиялық «Die Zeit» пен «Frankfurter Allgemeine Zeitung», италиялық «La Stampa» және нидерландтық «NRC Media» компаниясы келісім берген.

«Google басқа да баспасөз және журналистік ұйымдармен жұмыс істеуге дайын. Біз оларды жаңалықтарды жеткізудің ыңғайлы жүйесін дамыту үшін ынтымақтастыққа шақырамыз», - дейді Google компаниясының Еуропадағы стратегиялық серіктестігінің президенті Карло д'Азаро Бьондо.

Алайда кейбір сарапшылар Google компаниясының бұл бастамасына күмәнданып, оны тек PR үшін жасалған қадам ретінде бағалауда. 

Айта кетейік, осыған дейін кейбір басылымдар Google-дың интернетте тегін жаңалықтық контентті орналастыруына наразы еді. Себебі соның салдарынан баспадан шығатын газеттердің саны азайып, жарнамадан түсетін пайда төмендеген.   

Сонымен қатар, сәуірдің ортасында Еурокомиссия Google компаниясына нарықта өз тауарын жылжыту мақсатында бәсекелестік туралы заңды бұзғаны үшін айып таққан. Енді компания 6 миллиард доллардан артық көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу