Басты Жаңалықтар Алматыда журналистика мәселелеріне арналған жылсайынғы халықаралық конференция өтті

Алматыда журналистика мәселелеріне арналған жылсайынғы халықаралық конференция өтті

Алматыда журналистика мәселелеріне арналған жылсайынғы халықаралық конференция өтті

Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетінде VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты жылсайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтті.

Конференция ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ататүрік-Алатоо (Қырғыз Республикасы) және КИМЭП университеттерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Мақсат - түрлі мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен ұлттық өзгешеліктеріне бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу және  оларды талқылайтын өзара ғылыми ортаны қалыптастыру.

Шара аясында өткен «Сөз бостандығы - ел болашағының кепілі» атты дөңгелек үстелде Қазақ журналистикасындағы өзекті жайттар талқыға салынды.

Шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының  Қазақстандағы сөз бостандығы бойынша өкілі Сергей Карпов,  СДУ журналистика кафедрасының меңгерушісі Есенгүл Кәпқызы, кафедра оқытушысы Асхат Еркімбай, журналистика кафедрасының оқытушысы, ассистент-профессор Молдияр Ергебеков, журналистика және коммуникация докторы Мадияр Саудбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті деканының Ғылым және инновация жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева, PR саласының маманы Ербол Азанбек және журналист Назгүл Қожабекова және қатысты.

Қазіргі кезде елімізде 9 мыңнан сайт бар. Оның 7,4 пайызы қазақ тілінде, 81,5 пайызы орыс тілінде, ал, 11,1 өзге тілде жүргізіледі.

Мамандар «Әлеуметтік желілердегі сөз бостандығының рөлі», журналистік білім беру, «Әйелдердің Қазақстан БАҚ-ғы репрезентациясы» және «Іскерлік журналистиканың дамуы» тақырыптарындағы баяндамаларын оқып, өзара пікір алмасты.

 

sdumedia.kz

Бөлісу