Асылы Осман: Қазақ елін басқа ешбір елмен салыстыра алмаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылы Осман: Қазақ елін басқа ешбір елмен салыстыра алмаймын

01.05.2015
Асылы Осман: Қазақ елін басқа ешбір елмен салыстыра алмаймын

«Мағжан ақын айтқан: «Тұрандай жер жоқ, түріктей ел жоқ», деп. Мен Қазақстандай жер жоқ, қазақтай ел жоқ, дер едім. Қазақ тумасынан бірлікті, ынтымақты, достықты ерекше бағалайтын, ешкімді жатсынбайтын ел»,-дейді қоғам қайраткері Асылы Осман.

Қазақ халқының адалдығын ерекше құрмет тұтатын Асылы апа: «Қазақ – таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жеті атасын жетік білетін, ешкімді бөле жармайтын жүрегі пәк, даласындай дархан халық. Басқа ешбір елмен салыстыра алмаймын. Қазақтың бойына ғана біткен адами асыл қасиет біздің де бойымызға дарыды»,-дейді.

«Кімде-кім қазақтың тілінде сөйлеп жатса, өрісім кеңейеді. Болашағын Қазақстанмен байланыстырғысы келетін адам тілін меңгереді. Тілді білген адам ғана ұлттың жан-дүниесін ұғады. Менің бойыма осы тіл арқылы қазақтың бойындағы асыл қасиеттер дарыды».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу