Егемен ел жастарының бүгінгі келбеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егемен ел жастарының бүгінгі келбеті

13.12.2019

Тәуелсіз Қазақстанның жастары жігерлі, жан-жақты, жалындап жанып тұр. Ойы- азат, арманы-асқақ, мақсаты-айқын. Олардың өмірге, қоғамға деген көзқарасы өзгеше. Сан салада еңбек ететін бұл жаңашыл жастар елмен бірге жетіліп, Қазақ елінің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыруға үлес қосып жүр.

Қазіргі жастардың мүмкіндігінде шек жоқ. «Болмайды», «Қолымнан келмейді», «Істей алмаймын» дегенді білмейді. Олар үшін бәрі мүмкін. Көңілің толады, марқаясың, таң қаласың, тамсанасың. Тәуелсіз елдің ертеңі жарқын болатынына сенесің.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу