Батыр Рақымжан Қошқарбаев тағдыр тауқыметін ерте тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыр Рақымжан Қошқарбаев тағдыр тауқыметін ерте тартқан

30.04.2015
Батыр Рақымжан Қошқарбаев тағдыр тауқыметін ерте тартқан

1945 жыл. 30 сәуір. Сағат 11:00 мен кешкі  19:00-дің арасы. Ел  қорғау жолында от кешкен батырлардың теңдессіз ерлігінің арқасында Берлин операциясы сәтті аяқталды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев, жауынгер Григорий Булатовпен бірге  Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа бірінші жетіп, Жеңіс туын тікті.

Ерен ерлігі кеңінен еленген қазақ азаматы тағдыр тауқыметін де ерте тартқан.  Үш жасында анасынан айырылып, 13 жасында әкесі НКВД түрмесіне жабылады. Жетімдіктің зардабын көрген жас бала батылдығының арқасында Ақмола облысының  Майтөбе ауылындағы жеті жылдық мектеп-интернатқа орналасады.

Елін қорғау жолында 1942 жылы Фрунзе қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі. Атқыштар дивизиясына түскен Рақымжан Қошқарбаев 1944 жылдың қазан айынан бастап, Бірінші Беларусь майданында взвод басқарады.

Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, жаумен аянбай шайқасады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу