Ақтау туризмінің жағдайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау туризмінің жағдайы қалай?

29.04.2015
Ақтау туризмінің жағдайы қалай?

Маңғыстау облысы – еліміздегі табиғи теңіз жағалауы бар бірден-бір өңір.  Мұнда тарихи-мәдени ескерткіштер көптеп шоғырланған.

Маңғыстау жерінде таңғажайып жерлер көп.  Шөлдегі салқын бұлақты, жасыл шөпті оазистер... Бұл жердің көркі көптеген экзотика әуесқойларының назарын аудартпай қоймайды.

Сонымен қатар, Маңғыстауда тақыр жерлер гүлденген жазықтармен, жазықтар жыралар мен тауларға, ал құмдар – теңіздің тұзды салқын желімен ауысып отырады.

Аймақта Тамшалы биосфералы қорығы, Саураның тұщы сулы көлшігі мен жап- жасыл бағы және Ұлы Шерқала тауы, Үстірт қорығы, Кендірлі-Қаясан қорықтың аймағы, Ақтау-Бозащы және Қарағия-Қарагөл мемлекеттік қорықтары бар.

Таби­ғаттың сұлу көрінісін тама­шалауға жыл сайын келетін экотуристердің де қатары қалың. Ал, бұл елімізде туризмнің дамуына мүмкіндік бар екенін аңғар­тады.  

Аймақтағы туризм саласының ахуалы қандай? Туристерді  көптеп тарту үшін тағы қандай шаралар атқарылуы қажет? Өңірдегі  қорықтардың жағдайы қалай? Бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеу» хабары осы сауалдарға жауап іздеп көрмек.

Хабарламаларға жазылу