Бүгінгі қоғамда өкінішке қарай, қылмыстың түр-түрі жасалатыны жасырын емес. Олардың дені қоғамдық дертке айналған ащы судың кесірінен болатыны рас. Солардың бірі шөлмекке бола, қолындағы барын саудаға салса, енді бірі коммуналдық төлемақыларын төлей алмай дала кезіп кеткен.
Ішімдікке мас болып, шеккен темекісінен шыққан өрттен баспанасынан айырылғандар, қыстың үскірік аязында мастықпен далаға шығып кетіп, қаза тапқандары да жетерлік. Тағы бір мысал, ішкілікке салынғандардың алаяқтардың арбауына тез түсетіндігі.
2011 жылдың басында Ақтөбеде құрылған құпия қылмыстық топтың негізгі көздегені де дәл осы ащы суға әуес жандардың пәтерін олжалау болды.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Қылмыс пен жаза» хабарынан көре аласыздар.