Елордада 13 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

16.02.2016
Елордада 13 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Астанада ұзақ уақыт бойы қала аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан бірлескен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады елордалық мемлекеттік кірістер департаментінен.

«2015 жылы Астанада 13 жасырын ойын мекемесі жабылған, ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 мүшесі анықталып, соның ішінде төртеуі қамауға алынды, қылмыстық іс сот қарауында», - делінген Астана қаласы бойынша ІІД-нің хабарламасында. 

Хабарламаларға жазылу