Алматыда «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» атты конференция өтеді

28.04.2015
Алматыда «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» атты конференция  өтеді

13 мамыр күні  Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  III Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.

Ғылыми форумда ұлттық баспасөз тарихына арналған ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ, теле-радио және жаңа медиалық жобаларға жарияланған байқау жеңімпаздарының жұмыстары іріктеуден өткізіледі. Байқау жеңімпаздарына Хайыржан Бекхожин атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалып, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін жетілдіріп, қазақ журналистикасы тарихын зерттеуге бейімділігін арттыру.

Байқау міндеттері  ғалым-профессордың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, кешегі кеңестік идеология тұрғысынан зерттеген еңбектері мен ерлікке бағалауға лайық істеріне бүгінгі көзқарас арқылы талдау жасау, сондай-ақ, ұстаздық тұлғасы мен шәкірт тәрбиелеудегі қыр-сырын бүгінгі ұрпаққа таныстыру.

Байқау «Ең үздік ғылыми жұмыс», «Ең үздік тележобы», «Ең үздік радиобағдарлама» және  «Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба» аталымдары бойынша өтеді.  

Хабарламаларға жазылу