Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Үндеуі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Үндеуі жарияланды

24.04.2015
Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Үндеуі жарияланды

«Өздеріңізге мәлім, 26 сәуір күні ҚР Президенті сайлауы өтеді. 

Халқымыз бұл жөнінен жан-жақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті.

Бүкілхалықтық сайлау – біздің Конституциямызда, арнайы заңымызда көрініс тапқан аса маңызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Әрбір азамат өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді.

Бұл – әлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды бақылау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушы, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құралдарының өкілі келеді. Олардың алдында біз ынтымағымызды  көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым еліміздің бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі.

Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын», делінген Үндеуде.

Хабарламаларға жазылу