Ақын Құралай Омардың жаңа кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Құралай Омардың жаңа кітабы жарық көрді

30.11.2014
Ақын Құралай Омардың жаңа кітабы жарық көрді

2008 жылы ақын оқырмандарына  «Жалын» баспасынан шыққан «Ақ қар» атты жыр жинағын ұсынған.

Біздің анықтама:

Құралай Омар 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернатын,  2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге, 2006 жылы «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығын иеленді.

2007 жылы X Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Қазіргі уақытта «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында қызмет атқарады.

Хабарламаларға жазылу