«Жұбайлар жарасымы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұбайлар жарасымы»

21.04.2015
«Жұбайлар жарасымы»

Жаңадан шаңырақ көтеріп, отау болған жастарға ең көп айтылатын тілектің бірі –  «қосағыңмен қоса ағар».  Терең мағынасы бар бұл сөздің  жас жұбайларға артар жүгі де ауыр. Себебі, жұбайлар жарасымы үшін өмірлік құндылықтар мен ұстанымдардың, мақсат пен мұраттың сәйкестігі маңызды.

Саққұлақ  би:  «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», деген екен.

Шынында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек.

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарына жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға және жалпы жастарға үлгі болар отбасылар келеді.

Хабарламаларға жазылу