«Өзекжарды» хабарында – Патрик Пуянне - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзекжарды» хабарында – Патрик Пуянне

20.04.2015
«Өзекжарды» хабарында – Патрик Пуянне

«Тоталь» елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан ірі компаниялардың бірі. Осы кезге дейін мекеме талай ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев компания президенті Патрик Пуяннені қабылдап, алдағы жоспарлар жөнінде ақылдасты.

Кездесу барысында, Президент: «Алдымызда зор міндеттер тұр, ондағы маңыздылардың бірі – Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді. Күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынас пен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын боламыз»,-деді.

Шетелдік компанияның ендігі жоспары қандай? Бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында француздық «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуянне қонақта.

Хабарламаларға жазылу