Нұрғиса Тілендиевтің сазгер, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Сазгер қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан, тек қана өзіне тән сара жолды қалыптастыра алды.
Ол – қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған тұлға. Домбыраны қолына бес жасынан бастап алған сазгердің сазы талай тыңдарманның жүрегінен орын тапты.
Нұрғиса Тілендиев – 500-ден астам муызкалық туындының авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да кең: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет және т.б.
Бүгін сағат 13:40-та «Жарқын бейне» хабары күйші, композитор, дирижер, ҚР Халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевті еске алады.