«Абай мұрасы» атты ғылыми конференция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай мұрасы» атты ғылыми конференция өтуде

16.04.2015
«Абай мұрасы» атты ғылыми конференция өтуде

Бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде хәкім Абайдың  туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы» атты ғылыми конференция өтуде.

Шараға абайтанушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және Астана қаласындағы білім мекемелерінің ұстаздары мен оқушылары қатысуда.

Таяуда ғана «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың үшінші қара сөзінен үзінді келтірсе, Семейге жасаған сапарында Мемлекет басшысы Абай мұражайына арнайы барып, ұлы ақынның өлеңін оқып, «Абайдың жолын, соңында қалған өшпес мұрасын халқымызға паш етуіміз керек», деп жиылған жұртқа ерекше ой салғаны белгілі.

Конференцияда Мекемтас Мырзахметов, Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай,  Сұлтан Оразалин, Серік Негимов, Жанқара Дәдебаев, Асан Омар, Асқар Нартов, Бауыржан Ерденбеков сынды танымал ғалымдар, зиялы қауым өкілдері ақын мұрасы турасында арнайы баяндама жасауда.

Сондай-ақ, шара барысында Абайдың алғашқы шыққан еңбектері, шет тілдерге аударылған туындылары мен ақын туралы арнайы дайындалған аудио-бейне роликтер және Ұлттық музей қорындағы Абай портреттерінен шағын көрме ұсынылды.  

Конференция аясында Абай әндері орындалып, Абай оқуларының жеңімпаздары ақын өлеңдерінен, қара сөздерінен үзінділер оқиды.

Хабарламаларға жазылу