Абайдың музыкалық мұрасы қайта жаңғырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың музыкалық мұрасы қайта жаңғырады

20.01.2020

Абайдың музыкалық мұрасы қайта жаңғырады. Мерейтой аясында ақынның әндеріне арналған жаңа жинақ жарыққа шықпақ. Ұлы ақынның шоқтығы биік туындылары нотаға қайтадан түсірілгелі жатыр. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Толғанбай Сембаев мәлімдеді. Жинаққа ұлы Абайдың төл туындыларымен қатар, ақынның сөзіне жазылған әндер де енгізілмек. Жалпы, бүгінгі күні Абай әндерінің түрлі нұсқаларын қоса есептегенде 40-қа жуық үлгісі сақталған.

Жалпы, Абайдың мерейтойына орай бас қалада 300-ден астам шара өткізіледі. Ең маңыздысы – «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция. Шара қазан айына жоспарланған. Елімізден бөлек, Абайтану саласына еңбек сіңірген шетелдік ғалымдар да арнайы келмек. Солардың қатарында Германия, Түркия, Моңғолия, Қытай, Америка, Канада сынды елдердің зиялылары да бар.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу