Астанада «Тіл – татулық тірегі» республикалық байқаудың ашылу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тіл – татулық тірегі» республикалық байқаудың ашылу рәсімі өтті

29.10.2014
Астанада «Тіл – татулық тірегі» республикалық байқаудың ашылу рәсімі өтті

Бүгін  құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өткізілетін «Тіл – татулық тірегі» республикалық байқаудың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткелі жатқан шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да әскери органдар қызметшілерінің арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мәртебесін арттыру және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған байқауға Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы cот, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің командалары қатысады.

Байқаудың ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылары,  қоғам қайраткерлері, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысады.

Шара жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен, алғысхаттармен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу