Шымкентте аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай кешені ашылды

13.04.2015
Шымкентте аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай кешені ашылды

Жылыжайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Кешенге қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге мемлекеттік тарапынан қолдау көрсетіліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 27,9 миллион теңгеге газ құбыры мен электр желісі тартылған.

Жобаны іске асыру үшін облыс экономикасына 1 миллиард 19 миллион теңге инвестиция құйылған. Заманауи жабдықтармен қамтылған жылыжайдың қуаты жылына 1400 тонна қияр мен қызанақ өсіруге жетеді. Құрылысы өткен жылғы мамырда басталған кешенде бүгінде алғашқы өнімдер жиналып, нарыққа шығарылып үлгерген. «ҚазАгроном» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Қошқаровтың айтуынша, жобаны іске асыруға кеткен шығын 4-5 жылда өтеледі деп күтілуде.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстандағы жылыжайлардың көлемi 910 гектарды, елiмiздегi көрсеткiштiң 87 пайызын құрайды. Былтыр өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 150 мың тонна өнiм жиналды.

 

otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу