Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді

13.04.2015
Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді

8 қазанда Астанада Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына арналған «Кенесары  хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты.

Негізгі мақсат – қазақ тарихында маңызды орын алатын, ұлттық руһ беретін тұлға  Кенесары Қасымұлының өмірі мен қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы іс-қызметі бойынша жүргізілген ғылыми ізденістерге талдаулар жасап, болашақта атқарылатын мәселелерді анықтау.

Конференция К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеудің тарихнамасы; Тарихи және фольклорлық деректердегі Кенесары бейнесі; Хан Кене және ұлт-азаттық қозғалыс: этно-археологиялық ізденістер бағыттары бойынша ұйымдастырылмақ.

Шара барысында Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған «Алаш рухты тұлғалар» атты көрменің тұсаукесері өтпек.

Хабарламаларға жазылу