Woods Hole Oceanographic институты ғылым тақырыбын қаузайтын журналистерге шәкіртақы ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Woods Hole Oceanographic институты ғылым тақырыбын қаузайтын журналистерге шәкіртақы ұсынады

11.04.2015
Woods Hole Oceanographic институты ғылым тақырыбын қаузайтын журналистерге шәкіртақы ұсынады

Массачусетс штатының Бостон қаласында әлемнің барлық елінің кәсіби журналист, продюсер мен редакторларына апталық тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылады.

Woods Hole Oceanographic институты ұсынған шәкіртақы теңіз инженерлік саласында кең ауқымда білімін жетілдіруге ниеттенген журналистерге арналады.

Ғылыми тәжірибелік бағдарлама 13-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Бағдарламаға мұхит жағасындағы семинарлар, зертханаларда жұмыс істеу және қысқа мерзімдегі ғылыми іс-тәжірибе кіреді. Зерттеу тақырыптары теңіз биологиясы, геология, теңіз химиясы және физикалық океанографияға арналады.

Үміткерлердің продюсер, редактор, автор ретінде 2 жылдық жұмыс өтілі міндетті. Сондай-ақ, шәкіртақыны иеленуге дәстүрлі емес БАҚ-пен жұмыс істейтін фрилансерлер, кітап авторлары мен жазушылар үміткер бола алады.

Байқау жеңімпазына жол шығыны мен жатын орын төленеді.

Өтініштер 1-мамырға дейін қабылданады. 

 

Хабарламаларға жазылу