Дін тақырыбын жазатын журналистерге арналған байқау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін тақырыбын жазатын журналистерге арналған байқау

03.01.2016
Дін тақырыбын жазатын журналистерге арналған байқау

Дін танушы-журналистер қауымдастығы  (Religion Newswriters Association, RNA)  дін тақырыбын жазатын журналистер арасында байқау жариялайды. Сайысқа  газет, журнал, телерадиокомпания, сайттар  мен  кітаптарда дін тақырыбын қозғаған журналистер қатыса алады.

Сондай-ақ, байқауға қатысуға студенттер де өтініштерін берулеріне болады.   

Сайыс қорытындысына сәйкес, 6 аталым бойынша 19 сыйақы тағайындалады. Бас жүлде иесіне  10 000 АҚШ доллары беріледі.

Байқауға 2015 жылы жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады.   

Айта кетейік, өтініштер қабылдау 1 ақпанға дейін жалғасады.

 

 

 ijnet.org 

ФОТО: xakac.info

Хабарламаларға жазылу