«Жас Отан» бірнеше табысты жобаларды іске асырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отан» бірнеше табысты жобаларды іске асырды

09.04.2015
«Жас Отан» бірнеше табысты жобаларды іске асырды

Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезі барысында «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Нұрлан Сыдықов соңғы үш жылда ұйым  «Сәтті қадам», «Жастар-Отанға!», «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобаларын жүзеге асырғанын атап өтті.  

Оның  айтуынша, «Сәтті қадам» партиялық жобасы шеңберінде 25 000 жуық жас маман, еліміздің 240 ірі жұмыс беруші компаниялары қамтылды. 

«Біз жобаға қатысуға ниет танытқан 3000 астам өтініш алдық, олардың ішінде 1000 адам мемлекеттік органдар мен ең беделді ұлттық компаниялардан үш айлық тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды», - деді Нұрлан Сыдықов. 

Сондай-ақ, «Жастар-Отанға!» партиялық жобасы шеңберінде бүкіл республика бойынша «Кеңес орталығы» консалтинг-орталықтары ашылды. 26 000 астам адам, оның ішінде 12 000 адам спорттық және мәдени шаралар, тренингтердің, тегін медициналық қаралу  шеңберінде қамтылған.

Ал,  «Жастар кадрлық резерві» – бұл жас кәсібилер пулын қалыптастыруға арналған алаң. Алты жылда жобаға 10 000 астам жас маман қатысты.

Хабарламаларға жазылу